869

Көкшетауда аязда әжесі мен немересін вагоннан қуған жолсерік жұмыстан шығарылды

Көкшетауда қақаған аязда әже мен жанындағы немересін вагоннан қуып шыққандар жауапқа тартылды.
Фотография - Көкшетауда аязда әжесі мен немересін вагоннан қуған жолсерік жұмыстан шығарылды Сурет: ©Майра Дүйсенбаева

Қарағанды - Омск бағытындағы пойыздан егде жастағы әже мен немересін қақаған аязда вагоннан қуып шыққандар жазаланды, деп хабарлайды Today.kz "Жолаушылар Тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып, 

Болған оқиғаға байланысты вагон жолсерігі, пойыз басшысы мен телім басшысы қызметтерінен босатылды. Сонымен қоса "Жолаушылар тасымалы" "Солтүстік" филиалының басшысының лауазымы төмендетілді. 

"Жолаушылар тасымалы" азаматтардан кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай оқиғаларды қадағалайтындарын жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жолсеріктің қақаған аязда жолаушының құжаттарын терезеден лақтырып, әже мен немересін вагоннан қуып шыққанын жазған болатынбыз.

Продолжение

Тыныс-тіршілік
Ол жолаушыларға дауыс көтеріп, құжаттарын пойыздан сыртқа лақтырып жіберген.
Загрузка...