3021

Сиви Махмуди биімен тойдың көркін қыздырды

Үш баланың анасы Сиви құрбысының қызының тұсауын кесіп, тойда ән айтқан.
Фотография - Сиви Махмуди биімен тойдың көркін қыздырды Сурет ашық дереккөзден алынды

Әнші Сиви Махмуди биімен тойдың көркін қыздырды, деп жазады Today.kz

Үш баланың анасы Сиви құрбысының қызының тұсауын кесіп, тойда ән айтқан. 

Желі қолданушылары Сивидің әдемілігіне сүйсініп, жылы-жылы пікірлер қалдырған. Жасы отыздан асқан әншінің Instagram желісіндегі оқырмандары әншінің биіне тамсанып, "Неткен әдемі би", "Қарапайымдылығыңыз ұнайды" деп жарыса жазған. 

Әншінің қатты арықтығын да байқағандар бар.