10199

АҚШ-та оқитын Қазақстан тумасы қайғылы жағдайда қайтыс болды

Лос-Анджелесте тұрып жатқан қазақстандықтар марқұмның туысқандарына қаражат жинап беріп жатыр.
Фотография - АҚШ-та оқитын Қазақстан тумасы қайғылы жағдайда қайтыс болды Сурет: facebook/@Даиыр Сағдиев

АҚШ-та қазақстандық Даиыр Сағдиев қайтыс болды. Ол Лос-Анджелестің Калифорния университетінде оқыған, деп хабарлайды Today.kz

"Өкінішке орай UCLA студенті Даиыр Сағдиев қайғылы жағдайда көз жұмды. Даиыр биоинженерия факультетінің үздік студенті болды. Дарынды тарихшы, түркітанушы болды, бірнеше тілде еркін сөйлей білді, тарихи кітаптарды француз тілінен аударды", – деп жазды марқұмның танысы Әсет Шәтеков Facebook желісіндегі парақшасына. 

Даиыр Сағдиевпен қоштасу рәсімі 5 наурызда UCLA мен Pierce Brothers Westwood Village Memorial Park-тың қасында, жергілікті уақыт бойынша 13:00-де өтеді. 

Лос-Анджелесте тұрып жатқан қазақстандықтар марқұмның туысқандарына қаражат жинап беріп жатыр. 

Загрузка...