Latyn áripterin koldanýdy bastadym – жаңа әліпбиді күнделікті қолданатындар бар

Тыныс-тіршілік
1018
Маңғыстаулық Ерғали Әнесов латын әліпбиін күнделікті тұрмыста қолдануды бастап кеткен.

Жақында ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзгеріс енгізген латын әліпбиін күнделікті тұрмыста қолданатын азаматтар бар, деп хабарлайды Today.kz.

Сондай азаматтардың бірі – Ерғали Әнесов. Ол facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларын, электронды хаттарын жаңа латын әліпбиінде жазады. Тіпті, біздің сауалымызға Ерғали Мергенбайұлы жазбаша, латын қарпінде жауап қатты.

Ерғали Әнесов жаңа әліпбиді қолдану да, үйрену де ешқандай қиынға түспегенін айтады.

"Латын әліпбиін оқуда жазуда еш қиындық жоқ. Әрине тәжірибе ретінде қолданып жазып көрсе барлық адамға ыңғайлы болады деген сенімдемін. Және кейбір әріптерді енгізу қажет есептеймін мысалы "ю,я,ь" деген сияқты(Latyn álipbıin oqýda jazýda esh kıyndyq jok. Árıne tájirıbe retinde qoldanyp jazyp kórse barlyq adamǵada yńǵaıly bolady degen senimdemin. Jáne keıbir áripterdi eńgizý kajet dep esepteimin mysaly: "ю,я,ь" degen sıiaqty)", – деді Ерғали Әнесов.

Кейіпкеріміз латын әліпбиін жастар тез үйренетініне сенімді. Ерғали Мергенбайұлы жаңа әліпбиді үйрену үшін көп оқу және жазу ғана керек деп есептейді.

"Және қазіргі таңда смартфон ұялы телефондарға арналған арнайы "Qazaq Latyn Keyboard" бағдарламасын жүктеп жұмыстануға болады(Jáne qazirgi tańda smartfon uialy telefondarǵa arnalǵan arnaıy "Qazaq Latyn Keyboard" baǵdarlamasyn júktep jumystanýǵa bolady)", – деді Ерғали Әнесов.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзгеріс енгізген латын әліпбиінің смартфондар үшін пернетақтасы жасалғанын хабарлаған едік.

Android, MacBook, IOS-қа арналған жаңа латын әліпбиіндегі пернетақтаны смартфоныңызды арнайы бағдарламасы арқылы қондырып алуға болады.

Ал 20 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізген болатын.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить