3778

Today.kz зорланды делінген жеті жастағы шымкенттік баламен тілдесті

Зағипа Балиева зорландым деген шымкенттік баламен бірге Астанаға бара жатыр.
Фотография - Today.kz зорланды делінген жеті жастағы шымкенттік баламен тілдесті Сурет: today.kz

Қазақстан Республикасы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева зорландым деген шымкенттік баламен бірге Астанаға бара жатыр, деп хабарлайды Today.kz.

"Бала, әжесі, апасы және бала құқығын қорғау комитетінің өкілімен бірге Астанаға бара жатырмыз. Бала Астанада арнайы орынға әжесі, апасымен бірге орналастырылады. Ол жақта барлық жағдай жасалған. Астанаға келе салысымен баланың жанына психолог келеді. Толыққанды кешенді сараптама тағайындаған тергеу мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істейтін болады. Олар тәуелсіз сарапшыларды да іске араластырады. Өзіміз шақырған адвокаттардың да ұсыныстарына құлақ түреді. Психолог бала сараптама жасауға дайын деген кезде сараптама жасалады. Өйткені баланы сараптамадан-сараптамаға сүйрей беруге болмайды. Алдымен баланы қорғап, оны сараптама жасауға дайындаймыз", – деді Балиева. 

Уәкілдің сөзінше, барлық шығынды "Асыл бала" қауымдастығы өз мойнына алып жатыр. 

Омбудсменмен тілдескен Today.kz баланың өзімен де сөйлесті. 

"Тәтеге сәлем дейсің бе? Сенімен тәте қазір сөйлеседі", – деп Зағипа Балиева телефон тұтқасын балаға берді. 

Бала: Сәлеметсіз бе?

Today.kz: Қалың қалай?

Бала: Жақсы. 

Today.kz: Көңіл-күйің жақсы ма?

Бала: Жақсы. 

Today.kz: Қайда барайын деп жатсыңдар? Қасыңда кім бар?

Бала: Апам (тәтесі, ред.), әжем бар. Астанаға бара жатырмыз. 

Естеріңізге салайық, ОҚО, Абай ауылының тұрғыны жеті жастағы немересінің бірнеше ай бойы зорланып келгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Баланың туысқандары құқық қорғау органдарының әрекетсіз отырғанын айтты. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстан облысына ұшып келді

Кейін омбудсмен баланың қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді