Сарыағаштағы сұмдық – айтуға ауыз бармайтын айуандық – Бекболат Тілеухан

Тыныс-тіршілік
9444
Мәжіліс депутаты жеті жастағы баланың тағдыры оң шешімін табуы үшін өзіндік үлес қосқанын да жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Шымкентте зорланды делінген жеті жастағы баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz.

Депутат өз пікірін Facebook желісіндегі парақшасына жазған. 

"Жан түршігерлік оқиға. Қазақтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің Сарыағашында, оның ішінде ұлы дана Абайдың атын иемденген ауылда. Әңгімеге арқау Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектепте оқитын ана сүті аузынан кеппеген 7 жасар баланың жағдайы. Қоғамның айыптап жатқаны – Жүсіп Баласағұн атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары жасады деген құлақ естіп, көз көрмеген сұмдық. Біз елді-мекен, мектептерімізге аяулы тұлғаларымыздың есімін беріппіз, өнегесін ескермеппіз", – деді Бекболат Тілеухан. 

Депутат істің жоғары билікке жетуінде әлеуметтік желінің ықпалы көп болғанын айтады. 

"Жеті жасар баланың өміріндегі трагедияға жаны түршікпейтін қоғамның өзінен де түршігуге болады. Бірақ бұл жағдайда азаматтық қоғамның айнасы делінетін әлеуметтік желі дұрыс реакция беріп жатыр. Осы баланың құқын қорғауға талпынып жатқан, әкімшілік я полицияның тарапынан болуы мүмкін көзжұмбайлыққа алаңдап жатқан ағайынның әр постын оқып отырмыз. Тоқып жатырмыз. Қоғам талабы қашан да ескерілген. Көптеген өзгерістерге қозғау болған. Қалай дегенмен, кінәлары дәлелденсе, кім болса да, әділ және мүмкіндігінше қатал жазасын алуы тиіс! Осыған аяушылық жасап, жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас, соны білсін! Педофилияға қатысты заңнамадағы жазаның бәрін күшейту керек!" – дейді мәжіліс депутаты. 

Бекболат Тілеухан мемлекеттік жастар идеологиясының бұзылғанына алаңдаушылық білдірген. 

"Мұнда Аягөздегі су басуға алаңдап жатырмыз ғой, ол – табиғаттың ісі, айтып келмейтін апат еді. Ал Сарыағаштағы сұмдық – адамның ісі, айтуға ауыз бармайтын айуандық еді. Бұның түп-тамырын қазсақ, әрқайсымызға тіреледі. Жергілікті деңгейде сынып жетекшісі, мектеп инспекторы, мектеп психологы, ата-ана, мектеп басшысын кінәлармыз. Орнынан кетер, орнына басқа адам келер, жарайды. Бірақ, мемлекеттік жастар идеологиясының ию-қиюы шыққанын, қоғамдық ұяттың азайғанын, кинодан сән, әннен мән кеткенін мұндай шешіммен түзей алмайсыз. Түзей алмаймыз", – деді депутат. 

Мәжіліс депутаты жеті жастағы баланың тағдыры оң шешімін табуы үшін өзіндік үлес қосқанын да жеткізді. 

"Қазір Зағипа Балиева әріптесім Шымкентте бала мен оның әжесінің қасында екен. Бүгін "Нұр Отан" партиясы жанындағы құқықтық кеңес отырысында құзырлы орган басшыларына қоғам алаңдаушылығын жеткіздік", – деп түйіндеді сөзін Бекболат Тілеухан. 

Естеріңізге салайық, ОҚО, Абай ауылының тұрғыны жеті жастағы немересінің бірнеше ай бойы зорланып келгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Баланың туысқандары құқық қорғау органдарының әрекетсіз отырғанын айтты. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстан облысына ұшып келді

Кейін омбудсмен баланың қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді

Today.kz шымкенттік баланың өзімен де сөйлесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектептерде болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить