19130
3

Отандық сайт Балиева мен Селтановты бір-бірімен не байланыстыратынын анықтады

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында болған оқиға әлі де халықты мазалап отыр.
Фотография - Отандық сайт Балиева мен Селтановты бір-бірімен не байланыстыратынын анықтады Сурет: sn.kz

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында болған оқиға әлі де халықты мазалап отыр, деп хабарлайды Today.kz

Осыған байланысты отандық Sn.kz сайты есімі Балиевамен қатар аталып жүрген Селтанов дегеннің кім екенін де анықтап көрген. 

Sn.kz сайтының жазуынша, көпшіліктің көкейінде баланың әжесі жазған арыздар былтырдан бері неліктен қабылданбаған, мектеп басшылығы бұл шулы жайтты біле тұра неліктен тиісті шаралар қолданбады, балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева 7 жасар баланың Алматыда тәуелсіз экспертизадан өтуіне неге соншалықты қарсылық білдірді, Балиева баланың анасын өз ұлына неліктен жолатқысы келген жоқ деген сауалдар да мазалайтыны анық.

Расымен де, Зағипа Балиева баланы өз қолына алып, оны не тәуелсіз экспертизаға, не өзінің анасына бермей қоюы көпшіліктің көңіліне күдік ұялатты. Тіпті, қазір "Балиева да аталған істі жылы жауып тастағысы келеді" деп, Мәжіліс депутатын айыптап жатқандар аз емес. Бұл енді қоғам белсенділерінің әлеуметтік желіде жазып жатқан пікірлері ғана. Расында да Балиеваның не ойлағаны бар екенін біз білмейміз. Сондықтан алдын ала тон пішіп, күнәһар болмай-ақ қояйық. Бірақ, мына жайтқа назар аудармасақ болмайтын сияқты.

Есте болса, ең бірінші болып осы 7 жасар баланың проблемасын сарыағаштық журналист Амангелді Батырбеков өзінің газетінде көтерген болатын. Оның айтуынша, дау шыққан мектептің директоры жергілікті мәслихат депутаты Сапарәлі Селтановтың келіні екен. Ал, қайынінісі болса ОҚО Ішкі істер департаментінде басшылық қызметте. 

"Ал, Зағипа Балиева мен Сапарәлі Селтанов кезінде қызметтес болған дейді оңтүстікқазақстандық журналист", – деп жазады Sn.kz.

"Баршаңызға белгілі, омбудсмен Зағипа Балиева 1996 жылдан 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшысы болды. Ал, бұл уақытта Сапарәлі Селтанов Сарыағаш ауданы бойынша сайлау комиссиясының төрағасы еді. Зағипа Балиева бұл кезде жоғарыда отырып не істегені бізге белгісіз, оның үстіне қызық та емес. Ал, біздің "құрметті" Сапарәлі Селтановтың немен айналысқанын біз жақсы білеміз. Егер білмесеңіздер, бірақ білгілеріңіз келсе Youtube порталында "Сарыагаш-информ 2. Беспредельные выборы в Сарыагаше" деп аталатын видеороликті көрулеріңізге болады", – деп жазды Амангелді Батырбеков өзінің Facebook-парақшасында.

Оның пікірінше, бір салада 8 жыл бойы бірге жұмыс істескен әріптесіне Зағипа Балиева қиянат жасай алмайды.

Загрузка...
  • Джигарханянннн
    Это везде так! Чей то любовник или любовница, а родственники, коллеги и друзья следом за ними идут.
  • Сұлтана
    Авторға сұрақ: депутат Селтанов пен Балиеваның арасындағы таныстық байланысты тауыпсыздар. Ал енді сол Селтановтың оқушы балаға қандай қатысы бар? Онымен туыс еместігін айтып отыр емес па...