513

"Томирис" фильмінің түсірілімі қалай жүріп жатыр

Көрермен асыға күтіп жүрген тарихи туындының түсірілімі Алматы маңындағы Қапшағайда өтіп жатыр.
Фотография - "Томирис" фильмінің түсірілімі қалай жүріп жатыр Сурет: Instagram.com/adil084

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен  Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Сатайфильм" кинокомпаниясының қатысуымен түсіріп жатқан "Томирис" фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Today.kz.

Тарихи туындыны асыға күтіп жүрген көзі қарақты көрермен әлеуметтік желі арқылы отандық актерлардың кімнің рөлін сомдайтынын да біліп алған сыңайлы.

Мысалы, Әділ Ахметов Аргунның рөлін, ал Асылхан Төлепов Спаргапистің, театр және кино актері Алмас Шаяхметов Спитамның рөлін сомдайды.

Ал танымал актер Аян Өтепберген "Томирис" фильмінің режиссері Ақан Сатаевпен бірге үшінші жобада жұмыс істеп жатыр екен.

Фильмнің кейбір түсірілім жұмыстары Алматы маңындағы Қапшағай қаласында жүріп жатыр.

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Загрузка...