345

Ақмола облысына есірткі саудалап жүрген 62 жастағы зейнеткер ұсталды

Қарияның қылмысы дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фотография - Ақмола облысына есірткі саудалап жүрген 62 жастағы зейнеткер ұсталды Көрнекі сурет

Ақмола облысында ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан зейнеткер ұсталды, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"ІІД Есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері қарияның 2,4 грамм есірткі (героин) саудалағанын бірнеше апта бұрын анықтаған. Бұл ірі көлем болып саналады. Осыған байланысты қарияның үйін тінту кезінде екі тағы бума есірткі заты табылды. Қазіргі кезде тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Содан кейін ғана оның салмағы және есірткінің қай түріне жататыны анықталады", – деп түсіндірді Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Қазір қария уақытша қамау изоляторында. Зейнеткердің үстінен Қылмыстық кодекстің 297 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Егер қарияның кінәсі дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Загрузка...