1211

Жұлдыз Өмірғали Айқынның концертіне көрермен ретінде келді

БАҚ-та "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали – Айқынның екінші әйелі деген ақпарат тарады.
Фотография - Жұлдыз Өмірғали Айқынның концертіне көрермен ретінде келді Сурет: instagram.com/zhuldyzomirgali_official

Жұлдыз Өмірғали Айқынның концертіне көрермен ретінде келді, деп хабарлайды Today.kz

Бұл туралы Жұлдыздың өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Бірінші мамыр құтты болсын! Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, Айқынның концерті бола берсін", – деп жазды Жұлдыз. 

Естеріңізге салайық, 1 мамырда Айқын Алматыдағы Республика сарайының алдында жеке концертін өткізген еді. 

Айта кетейік, БАҚ-та "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали – Айқынның екінші әйелі деген ақпарат тарады. Расталмаған ақпарат бойынша, Айқын мен Жұлдыздың ортақ бір ұлы бар.