Банкир Жомарт Ертаев өзіне Ресей азаматтығын беруді сұрады

Фотография - Банкир Жомарт Ертаев өзіне Ресей азаматтығын беруді сұрады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Бейсенбі күні Мәскеуде сот отырысы болып, оны қамауға алу мәселесі қаралды.

515 0

Қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуды сұрады. Бейсенбі күні Мәскеуде сот отырысы болып, оны қамауға алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

"Сот қабылдаған шешім бойынша, қосымша айғақтарды, оның ішінде РФ азаматтығын алу туралы өтінішін қарау қорытындысы ұсынылғанша Ертаевты ұстау мерзімі ұзартылды", – деп судья мерзімді 13 мамыр сағат 20.00-ге дейін ұзартты.

Мәскеу прокуратурасы Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген Ертаевты еліне экстрадициялау үшін бұлтартпау шарасы ретінде 16 маусымға дейін қамауға алуды сұрады.

Естеріңізге салайық, Мәскеуде 8 мамыр күні Қазақстан ІІД Интерполының Ұлттық орталық бюросының сауалымен банкир Жомарт Ертаев ұсталды. 

Ертаевтың аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүргені айтылды

Ол Bank RBK АҚ директорлар кеңесінің төрағасы бола тұрып жалған ЖШС-ның 80 миллион АҚШ долларын банктен қарыз ретінде алуын мақұлдаған. Сондай-ақ қарызды қайтармауға ықпал ететін әрекет жасаған. 

Ресейлік БАҚ Мәскеуде банкирдің ұсталғанын хабарлаған едіToday.kz оқырманға Жомарт Ертаевтың өмір жолынан үзінді ұсынды.

Кейбір сарапшылардың сөзінше, Ертаевта өте маңызды ақпарат бар, бұл ақпарат қазақстандық банктерді құртып жібере алады. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?