1133

Қазақстандық оқушы Вьетнамда өткен физика Олимпиадасында алтын медаль иеленді

Олимпиадаға 185 оқушы және әлем елдерінен келген 70-тен астам делегация басшысы мен бақылаушылар қатысқан.
Фотография - Қазақстандық оқушы Вьетнамда өткен физика Олимпиадасында алтын медаль иеленді Сурет: жеке мұрағаттан

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат Ханой политехникалық университетінде өткен физикадан 19-Азия Олимпиадасында (APHO 2018) алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Today.kz

Олимпиадаға 185 оқушы және әлем елдерінен келген 70-тен астам делегация басшысы мен бақылаушылар қатысқан. 

Қазақстан құрамасында республиканың жетекші мектептерінде оқитын шәкірттер болды. Беделді Олимпиаданың алтын медалін зияткерлік мектебінің оқушысы Ақназар Қажымұрат иеленді. 

Оқушы ел намысын АҚШ-та өтіп жатқан тағы бір байқауда қорғау үшін аттанғандықтан, Вьетнамда өткен марапаттау рәсіміне келе алмады. Бүгін ол Пенсильвания штатының Питтсбургол қаласында Intel ISEF-2018 оқушылардың ғылыми жобалары халықаралық байқауына қатысып жатыр. 

Физика бойынша Азия Олимпиадасы – Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушыларына арналған жыл сайын өтетін зияткерлік сайысы. 2000 жылдан бері өткізіліп жүр, физикадан берілетін тапсырмалары көбіне физикадан халықаралық Олимпиаданың  (IPhO) тапсырмасынан да күрделі болып келеді. 

Загрузка...