Астанаға басқа өңірлер сыйға тартқан сыйлықтардың қазіргі жай-күйі қандай

Фотография - Астанаға басқа өңірлер сыйға тартқан сыйлықтардың қазіргі жай-күйі қандай

Сурет: today.kz

Қазақстанның барлық аймағы сыйлық ретінде елордаға архитектуралық нысандар тұрғызып берді, олардың сапасы қандай?

437 0

6 шілде – Астананың 20 жылдығы. Қазақстанның барлық аймағы сыйлық ретінде елордаға архитектуралық нысандар тұрғызып берді – балабақшадан бастап велосипед жолағына дейін не керектің бәрі бар дерсіз. Одан бөлек, бюджет қаражатынан мерейтойды тойлау үшін 19 миллиард теңге бөлінеді. 15 мамырда ҚР Үкімет отырысында ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев журналистерге бұл қаражаттың өз-өзін ақтайтынын және аймақтардың сыйлықтары өте пайдалы екенін айтты. Министрдің сөзінше, шығын тез ұмытылады, ал мемлекет қаражатына тұрғызылған нысандар ондаған жыл бойы елорданың тұрғындары мен қонақтарының көңілдеріне қуаныш сыйлайтын болады. 

Today.kz министрдің "ондаған жыл сақталатынына" қатысты мәлімдемесін іс жүзінде тексеріп көруді жөн көрді. 

Аймақтар Астанаға бұрын да түрлі сыйлық жасады. Елорда 2008 жылы өзінің он жылдығын тойлағанда, сыйлық қарша борады. 

Біз сол уақытта тұрғызылған бірнеше нысанға арнайы ат басын бұрып, қазіргі таңда олардың техникалық жағдайы қандай екенін біліп қайттық. 

Ақтөбе облысы 2008 жылы елордаға тарту ретінде аңыз адам Әлия Молдағұлованың ескерткішін тұрғызып берді. Бұл – Ақтөбе облысының орталығына 2005 жылы қойылған мемориалдың көшірмесі. Астанаға орнатылған ескерткіш одан 30 сантиметрге биік. Қаруы жоқ қаһарман Жеңіс пен 9 мамыр көшелерінің қиылысына қарап тұр. Бұл көше кейінірек Молдағұлованың атын еншіледі. Ескерткіш те, оның айналасы да жақсы күйінде сақталған, тек аздаған сызат бар. 

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Қарағанды облысы өз кезегінде Астана қаласының күніне айналасында 10 жануардың мүсіні мен ортасында әртістің бейнесі бар субұрқақ сыйлады. Цирк әртісінің мүсіні композицияның орталығы болып саналады. Бұл жерден музыкалық субұрқақ атқылайды. Жануарлар цирк өнерінің жанрын бейнелейді. 

Композицияның осы күнге дейін күтім көргені көрініп тұр.

Фото -

Фото -

Фото -

2008 жылы ҚР профкеңесі Федерациясының жанында қытай жұлдыз жорамалы негізінде туындаған жануарлар бейнесі бар композиция пайда болды. Оны Павлодар облысының архитекторлары сыйлаған. Бірнеше жыл бұрын қала тұрғындары бұл ескерткішге қатысты сыни пікірлерін айтты, өйткені, сағаты жұмыс істемей, мүсіндердің бояуы аға бастаған болатын. Ал қазір композицияның жағдайы жаман емес. Мүсінді жаңадан бояп, сағатты алып тастапты. 

Фото -

Фото -

Астанаға 2008 жылы Жамбыл Жабаевтың ескерткішін Алматы облысы сыйлаған еді. Ол Тәшенов пен Амман көшелерінің қиылысында тұр. Қола мен граниттен құйылған мүсін XX ғасырдың ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне қойылған. Ескерткіштің биіктігі – 12 метр, авторлары – Нұрлан Далбаев пен архитектор Қазбек Жарылғапов. 

Бұл – біз көрген ескерткіштердің ішіндегі ең тазасы. Қоладан құйылған ақынның тас мүсіні он жыл ішінде еш өзгермеген, күнге қарайып, мүжілмеген. Мақтауға тұрарлық жұмыс. 

Фото -

Жамбыл облысы 2008 жылы Астанаға сыйлаған Бауыржан Момышұлының ескерткіші Оқушылар сарайының қасындағы аттас көшеге қойылған. Ал паркке 2015 жылы әкелінген. Әкімдік ескерткіштің орнын өзгертуі Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдығына қатысты екенін мәлімдеді. Бірақ плиткасындағы аз-мұз кетікті де байқап қалдық. 

Фото -

Фото -

Фото -

Қызылорда облысы елорданың 10 жылдығына орай тарту еткен Қорқыт Қобыз туындысы көңіл-күйімізді түсіріп жіберді. Абай мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан Қорқыт Қобыз композициясының авторы – қызлордалықтарға жақсы таныс Жаркен Смағұлов. Ашылған кезде бұл ескерткіші мен екі орындығы бар әдемі аллея болатын. Осынау нысандардың бәрі де бүгінге дейін сақталғанымен, ескерткіштің өзі қарайып, өңін жоғалта бастаған. 

Облыс Астананың 10 жылдығына байланысты "Қызылорда-Алматы-Астана" веломарафонын да өткізгенін айта кетейік. 

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Маңғыстау облысы елорданың 10 жылдығына "Нұр Астана" мешітінің маңына саябақ орнатып, мешітке жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген еді. Діни де, мәдени де маңызы бар ерекше нысан сияқты саябақ та жақсы күтілген. Субұрқағы атқылап жұмыс істеп тұр, айналасы жап-жасыл, орындықтар да орнында. 

Фото -


Фото -

Бұдан басқа да тұрғындарға пайдасын тигізген сыйлықтар жасалды. Мысалы, 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы Астанаға 22 жаңа мектеп автобусын сыйлады. 

Қорыта айтқанда, сыйлықтардың көбі жақсы сақталған, олар елорданың көркіне көрік, сәніне мән үстеп тұр. 




Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?