11711

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланы жаяу аралап жүр

Алматы әкімі Байтұрсынов көшесін аралаған кезде заңсыз салынған кафенің жазғы террасын алып тастауды тапсырды.
Фотография - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланы жаяу аралап жүр Сурет: almaty.gov.kz

Күн сайынғы жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек Алматының көлік және жүргінші инфрақұрылымы құрылысының барысын тексерді. Мегаполис басшысы бірнеше сағат ішінде Абай, Байтұрсынов, Асқаров, Гагарин көшелерін аралап шығып, оларды одан әрі көріктендіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Today.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айдың соңына дейін Гагарин даңғылын Әл-Фарабиден Тимирязев көшесіне дейін қайта жасау аяқталады. Ұзындығы 3 шақырымнан асатын жаңарған жолмен қатар жүргінші тротуарлары абаттандырылып, арық желілері салынады. Пайдаланылмайтын конструкциялар мен заңсыз құрылыстар алынуда, сонан соң көшелерді жасылдандыру жоспарланған.

Жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стихиялы көлік тұрақтарының орнына даңғыл жиегіндегі тротуарлар қалпына келтірілуде. Қалалықтардың талабын ескере отырып, Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату мүмкіндігі қарастырылуда.

Алматы әкімі Байтұрсынов көшесін аралаған кезде заңсыз салынған кафенің жазғы террасын алып тастап, жүргінші учаскесін қалпына келтіруді тапсырды.

"Baykonyr" бизнес-орталығы алдындағы жүргінші аймағы кеңейеді, көлік тұрағы жіңішкереді.

Жайлы қала кеңістігін құру мақсатында мегаполис басшысы Асқаров көшесі бойында тротуар құрылысын бастауды тапсырды.

Еске салсақ, биылғы жазда Алматыда 150 көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен "Астана" алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

Фото -

Загрузка...