7502

Семенович ел-жұрттың көзінше Мәдинамен суретке түсуден бас тартты

Видеодан көрінгендей, қазақстандық танымал әнші Анна Семеновичпен суретке түспек болған, ал ресейлік әнші оған қарсылық танытқан.
Фотография - Семенович ел-жұрттың көзінше Мәдинамен суретке түсуден бас тартты Сурет ашық дереккөзден алынды

Ресейлік әнші Анна Семенович ел-жұрттың көзінше қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасовамен бірге суретке түсуден бас тартты, деп хабарлайды Today.kz. Оқиға Астанада өткен Open Air шарасында болған және бұл AstanaTV арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасында көрсетілді. 

Видеодан көрінгендей, қазақстандық танымал әнші Анна Семеновичпен суретке түспек болған, ал ресейлік әнші оған қарсылық танытқан. Семенович тоңып қалғанын айтып Мәдинаның жанынан өтіп кеткен. 

Бұдан кейін Мәдина Анна өзіне ренжулі деген пікірде қалды. 

"Балалар онкологиялық орталығында өнер көрсеткен кезімізде ол менімен бірге суретке түспек болды, бірақ мен сыртқы түрім сәйкес болмағандықтан одан бас тарттым. Ал енді қазір әдемі көйлек киіп тұрғанымда ол да маған сәйкесінше жауап берді. Қазір екеуміз есеп айырыстық", – деді Сәдуақасова. 

Загрузка...