Алматыда 50-ге жуық жер асты өтпе жолы жөнделетін болды

Фотография - Алматыда 50-ге жуық жер асты өтпе жолы жөнделетін болды

Сурет: liter.kz

Алматы әкімдігі жерасты өтпе жолдарын жөндеу жұмыстарын маусым айында бастамақ.

318 0

Алматы әкімдігі жерасты өтпе жолдарын жөндеу жұмыстарын маусым айында бастамақ. Бұл туралы әкімдік ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында хабарлаған, деп жазады Today.kz

Осыдан 1 ай бұрын Алматы әкімдігі жерасты өтпе жолдарындағы сауда нүктелерін, дөнер сату орындарын бұзған болатын. Енді қаңырап тұрған туннельдер тәртіпке келтірілетін болады. 

"Қазіргі таңда Жобалық сметалық құжаттама жасалды. Құжат сарапшылар тарапынан оң бағаланды. Мердігерлік жұмыстарды атқаруға байқау аяқталып қалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісімшарттар маусым айына белгіленген", – делінген жауап хатта. 

Әкімдіктің хабарлауынша, бұл орындарда күрделі жөндеу жүргізіледі. Алатау ауданында 4 жерасты жолында – ағымдық жөндеу, Алмалы ауданында – 11, М.Әуезов ауданында – 4, Бостандық ауданында – 12, Жетісу ауданында – 9, Медеу ауданында – 3, Наурызбай ауданында – 3, Түрксіб ауданында – 2 жерасты жолында күрделі жөндеу жүргізіледі.  



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?