614

Қазақстандықтар қоғамдық көлік үстінен көбіне қандай шағым түсіреді

Қазақстандағы қоғамдық көліктердің мәселесі бастан асады.
Фотография - Қазақстандықтар қоғамдық көлік үстінен көбіне қандай шағым түсіреді Сурет: ©Алмаз Төлеке

Қазақстандағы қоғамдық көліктердің мәселесі бастан асады. Автобусқа отырған бойда көздеген жеріңе аман-есен жетер-жетпесіңді білмейсің. Кейде автобустар жұлқынып, қарсы бетке өтіп кетеді, тіпті автобусты рөлсіз айдайтын жүргізушілер де арамызда жүр. Today.kz қоғамдық көліктерге бағытталған ең шулы арыздарды тізбектеп көрді. 

Көп адамның көңілі автобустың техникалық жай-күйіне толмайды. 

Ең соңғы жаңалық – астаналық автобус жүргізушісінің қоғамдық көлікті рөлсіз айдауы.  "Астана LRT" компаниясы болған жайтты бірден назарына алып, ер адамды қара тізімге енгізіп, жұмыстан шығарып жіберді. Видеоны түсірген кондуктор да жұмыстан қуылды. Белгілі болғандай көлік рөлі жұмыс уақытында сынып қалған, жүргізуші техникалық көмек күтіп тұрғанда ешқайда кетпеуі керек болатын. Бірақ ол жол қозғалысына кедергі келтірмеу үшін ыңғайлы жерге көлікті қойғысы келіп жылжып кеткен. 

Жолда жүргенде бәрін күтуге болады. Астанада көліктердің көбі жаңа, ал Атыраудан бой көрсеткен мына автобустың түрі адам шошырлық. 

Фото -

"Мына автобустардың жағдайына қараңыздаршы. Іші лас, сырты сынған, орындықтары алба-жұлба. Ішінен жаман иіс шығады. Бұл автобусқа қалай отыруға болады?" – дейді Атырау тұрғыны Аян Амантурлин. 

Алматыда жергілікті автопарк осындай 20 көлікті сатып алды. 

"Иә, автобустардың жағдайы мәз емес. Бірақ амал жоқ. Өйткені жалақы төлеуден, салық төлеуден қарызымыз болды, біз төледік. Оларға қараша-желтоқсан айларына дейін жұмыс істетпек ойдамыз. Сосын бір бөлігін қысқартамыз", – деді "Айстрансхолдинг" автобус паркінің директоры Берік Жетпісбаев. 

Ескі автобустар өз жұмысын адал атқарса жақсы. Кейде қыста қақаған аязда қазақстандықтар да, шетелдік қонақтар да жетер жеріне жете алмай, орта жолдан түсіп қалып жатады. Кейбіреуіне көмек кеш келеді. 

Фото -

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 18 қаңтар күні 10:30-да жүріп келе жатқан "Икарус" автобусы өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы тірідей жанып кетті. ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымов қоғамдық көлік жөнделмеген күйде жолға шығып кеткенін айтты. 

"Тергеу анықтағандай Шымкент – Самара автодаңғылынан 1068 шақырым жерде техникалық күйі жөнделмеген автобус жолдан тоқтады. Бұл туралы шұғыл қызметке хабарламастан, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін шара қолданбастан автобус жүргізушілері дәнекерлеуші шамның көмегімен транспорттық құралдың салонын жылыта бастаған, байқамай төгіліп кеткен бензиннің әсерінен өрт тұтанған", – деді министр депутаттық сауалға берген жауап хатында. 

Қазақстанда әр үшінші автобус, анықтап айтқанда 20 000 автобус техникалық тексерістен өтпеген. 

Қазақстандықтар автобус жүргізушілеріне көп шағымданады. Олардың біліктіліктері, тәртіптері, денсаулықтары тұрғындарды алаңдатып отыр. 

ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутованың сөзінше, тексеріс барысында жүргізуші куәлігінен айырылған 17 адамның автобус айдап жүргені анықталған. 2017 жылдың сәуірінен бастап ҚР-да заңсыз тасымалдаушылардың кесірінен 600-дей жол-көлік оқиғасы болған. 

Рөлде отырып жүргізушілер темекі шегеді, телефонмен сөйлеседі. 

Ақмола облысында 1 маусым күні "Канал-Кордон" оперативті-профилактикалық шарасы аяқталды, оның мақсаты – есірткі мен психотропты заттарды тасымалдауға кедергі болу еді. Акция ұйымдастырылған бес күннің ішінде Көкшетау полициясы есірткіге мас күйде ұсталған 11 жүргізушіні анықтады. 

2015 жылы Қарағандыда полиция марихуана шегіп алған автобус жүргізушісін кездейсоқ байқап қалды. Ол жаяу жүргіншіні жібермеген, сол үшін патрульдің назарына ілінген. Ер адам наркологияға сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы ер адамның қанынан марихуана ізін тапқан. Жүргізуші есірткі жұмысындағы стресспен күресуге көмектесетінін мәлімдеген. 

"Салоныма 50 адамға дейін кіреді, мен әрқайсысы үшін жауап беремін. Бұл жұмыстан кейін кешегіні көрсетті. Қолданатыным рас, өйткені, маған ішуге болмайды. Өйткені мен аптасына бес күн жұмыс істеймін, бір демалысым маршрутқа кетеді. Көлікті қадағалап, жөндеуім керек. Өйткені өзім алған адамдарға жауап беремін. Мен адамдардың өмірімен ойнамаймын", – деді ол. 

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында автобус жүргізушісі рөлде ішімдік ішкен. Оның алдында отбасылық мейрамды атап өткен ол таңертең жұмысқа шығып кеткен. 

Ол ол ма, сау адамдар да рөлде өздерін біртүрлі ұстайды. Алматыда №80 автобусының жүргізушісі жолаушыны боқтап тастаған. Жанжалдың видеосы желіге жарияланды. 

Фото -

"Бүгін 80 автобусқа мінген едім, жүргізуші "Оңай" картасымен, болмаса қолма-қол төлеуімді сұрадым. Мен SMS арқылы төледім, кейін жүргізуші жеке басыма өтіп, жанжал шығарды", – деп жазды бойжеткен. 

Green Bus Company ЖШС директоры Бауыржан Құлышев жүргізушінің жұмыстан шығарылғанын айтты. 

Фото -

Жүргізушілер бір-бірімен де төбелесіп жатады. 2016 жылы Астанада екі жүргізуші жұмыс күнінің қақ ортасында жаға жыртысқан. Жанжал салонда басталған, кейін аялдамада екеуі бір-бірімен ұрсысқан. Куәгерлердің сөзінше, даудың басы бір жүргізушінің екіншісіне жол бермеуі болыпты. Жанжал соңы төбелеске ұласқан. 

Фото -

Қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары күн сайын тіркеледі. Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, жас мұғалімді қағып өлтірген автобус жүргізушісі сотталды. 45 жастағы Әнуар Жәнібеков енді 1 жарым жылын темір торда өткізеді. Ол өшіп-жанып тұрған жасыл түске өтем деп асығып жолдан өтіп бара жатқан қызды ұшырып жіберген еді. Бойжеткен оқиға орнында қайтыс болды. 

Алматылық Екатерина Парафиева оқиғасына да көп өткен жоқ. Ол жол апатынан екі аяғынан айырылған еді. Автокөлікке соғылған автобус жүргізушісі Дәурен Жаңабаевтың бас бостандығы 2 жылға шектеліп, 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді. Одан бөлек, Парафиеваға моральдық шығын келтіргені үшін 2 миллион теңге төледі. 

Қазақстандықтарды қоғамдық көліктердің жүру кестесі де алаңдатып отыр. 

Егер Астанада 22:30-да қоғамдық көлікпен жүре беретін болсаң, Қарағандыда ереже басқа. 

"Бізде бар-жоғы 1400 автобус бар, бұндай мегаполис үшін 2500-ден кем болмауы тиіс. Қазір біз парктерді жаңартып жатырмыз. Осы жылы бюджет ақшасына осынша автобус аламыз. Бұл аса дұрыс болмаса да, адамдар сапаны сұрап отыр. Автобустар неге кешке жүрмейді? Өйткені тасымалдаушы үшін бұл – тиімсіз. Батыс елдерінде кешке бірге дейін жүреді, нақты уақыты бар. Егер қонақта отырып қалсам, 11-ге бес қалғанда, 12-ге 20 қалғанда шығам. Бізде кешке шықсаң, автобустың қашан келетінін білмейсің", – деді Бауыржан Байбек. 

Алматы жолаушылар тасымалы және автокөлік жолданы басқармасының басшысы Мақсот Исақов қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторларды сынап отыратын алматылықтарды "диван сарапшылары" деп атады. 

Оның сөзінше, алматылық автобустарда кондуктор деген мүлде болмауы керек, жолаушылар жолақыларын өздері төлеуі тиіс. 

"Facebook-қа 12-маршрутта екі адам "Оңай" картасымен төлегені туралы хабарлама келіпті. Мен "Алматыэлектротранс" басшылығымен бірге ол жүргізушімен жеке сөйлестім. Ол маған: "Мені түсініңіз, 05:00-де тұрамын, базаға барып, көлікті қыздырамын, 06:00-де шығамын. 21:00-де аяқтаймын, үйге жетем дегенше 23:00 болады. Төрт сағат ұйықтаймын. Автобус толып қалды, адамдар "Медеуге" бара жатыр, ол жақта бәрі қымбат. Олар жолақысы үшін 80 теңгесін аяйды. Салонда 70-тен аз адам отырмағанын көріп тұрмын. "Оңай" көмекшісі бойынша 17-ақ адамның төлегенін байқадым", – дейді. Оның жоспары жоқ, бұл – субсидияланған маршрут. Жай ғана адамдар 80 теңге төлемегені үшін ренжіп отыр. Бұл жағдайда не істеу керек? Оған өзінің дұрыс емес екенін айттым. Бірақ ол бұны істеуге мәжбүр болды, өйткені өзінің сөзінше, төртінші рейсте адамдарды тегін тасудан жалыққан", – деді Исақов. 

Загрузка...