Әйгілі кеспені үйден дайындау тәсілі

Фотография - Әйгілі кеспені үйден дайындау тәсілі

Сурет: today.kz

Today.kz бүгін осынау атақты тамақтың дайындалу тәсілін көрсетеді.

685 0

Америкалық фильмдерді көрген адамға қызыл қораптан жасалған кеспе жақсы таныс болар. Today.kz бүгін осынау атақты тамақтың дайындалу тәсілін көрсетеді. 

Фото -

Бір порция жасау үшін сізге: 

– тауық төсінің жартысы;

– удон кеспесі; 

– төрт жаңа шампиньон;

– бір болгар бұрышы;

– пияздың бір басы;

– бір сәбіз;

– ақ күнжіт;

– соя соусы;

– тиряки соусы; күріш уксусы (өз қалауыңыз бойынша) керек. 

Пиязды ұсақтап турап, сәбізді корей үккішінен өткіземіз, бұрышты ұзын етіп, саңырауқұлақты да ұзын етіп кесіп, тауықтың төсін төртбұрышты қылып тураймыз. 

Осының бәрін май құйылған ыдысқа салып, қуырамыз. 

Фото -

Пияздан кейін болгар бұрышын саламыз, оны көп қуырудың қажеті жоқ. Ал сәбіз бен саңырауқұлақты жақсылап қуыру керек. 

Фото -

Қуырып тұрғанда араластырамыз. Кішкене жұмсарды-ау дегенде тауықты дайындаймыз. Ыдыс ішіндегілерді бір шетіне ысырып, тауықтың өзін ғана қуырып аламыз. 

Фото -

Бірнеше минуттан кейін үстіне терияки мен соя соусынан бір-бір қасық саламыз. Осы кезде күріш уксусын салуға болады. Негізінен соусты өз қалауыңыз бойынша таңдайсыз. 

Фото -

Екінші бөлек кәстрөлге кеспені қайнатып аламыз. Кеспе дайын болған соң бір-біріне жабысып қалмауы үшін салқын суға саламыз. 

Фото -

Кішкентай шұңғыл ыдысқа соя соусы мен ақ күнжітті салып, араластырамыз. Дастарханға өзін ғана қоюға болады. Кім қосқысы келсе, қосып жей береді. 

Фото -

Тамақты дастарханға қоярда екі таяқшаны да ұмытпаңыз. Бұл тамақты шанышқымен жеу – қылмыс шығар. 

Астарыңыз дәмді болсын!

Фото -


Тегтер:

тамақ кеспе

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?