Алматыдағы Брусиловский көшесі уақытша жабылады

Фотография - Алматыдағы Брусиловский көшесі уақытша жабылады

Көрнекі сурет

Көлік жүргізушілері аталған көшені айналып өту сызбасын алдын ала ойластырғандары жөн.

419 0

2018 жылдың 14-18 маусым аралығында Брусиловский көшесіндегі көлік қозғалысы тоқтатылады. Атап айтқанда, Төле биден Райымбек даңғылына дейін жабық болады, өйткені бұл жердің жылу желісі реконструкцияланады, деп хабарлайды Today.kz "Алматы жылу желісі" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Компания хабарлағандай, уақытша шектеу магистральды жылу желісін жоспарлы түрде реконструкциялауға байланысты. Жылу желісі осы жердің жолының астында орналасқан. 

Көлік жүргізушілері аталған көшені айналып өту сызбасын алдын ала ойластырғандары жөн. 

"Қолданылған тұрбасымдарын заманға сай үлгісіне ауыстыруды қарастыратын Алматы инженерлік желісін реконструкциялау жұмысы қалалық жылу жүйесіндегі штаттан тыс оқиғалар мен тәуекелдерді азайту үшін керек", – делінген хабарламада. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?