731

Аптап ыстықтан сақтанудың жолдары

Бұндай ауа райы әсіресе жүрегі ауыратын адамдар мен қарт кісілер үшін және балаларға қауіпті.
Фотография - Аптап ыстықтан сақтанудың жолдары Көрнекі сурет

9-11 шілдеде Астанада күн 33 градусқа дейін ысиды. Бұндай ауа райы әсіресе жүрегі ауыратын адамдар мен қарт кісілер үшін және балаларға қауіпті. № 6 қалалық аурухананың бас дәрігері Динара Байсеркина қатты ыстықтан сақтанудың жолдарын айтты, деп хабарлайды Today.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Ең қарапайым және ең маңызды кеңес – күн қатты ысығанда көшеге шықпаңыз, терезені ыстық бәсеңдеген кезде, яғни түнде ашып қойып, күндіз жауып тастаңыз. Жұмыста да, үйде де қоңырсалқын ауа райын сақтауға тырысыңыз, бірақ ол 23 градустан төмен болмауы тиіс", – деді Байсеркина. 

Дәрігер жеңіл, табиғи матадан тігілген ашық түсті киім киіп жүруді ұсынды, сондай-ақ "бас киімді де ұмытпаған жөн" деді. 

"Суды көп ішіңіз (1,5 литрден кем болмауы тиіс), кофе, алкоголь мен газдалған сусыннан бас тартыңыз, физикалық күш түсірмеңіз, егер бақша күтетін болсаңыз, 10:00-ге дейін немесе 16:00-ден кейін жұмыс істеңіз. Майлы, ащы, ауыр тағамнан бас тартыңыз. Күннен қорғайтын құралдар қолданыңыз. Азық-түлік сатып алғанда сақтау мерзімін тексеріңіз", – деді бас дәрігер. 

Загрузка...