"Қазселденқорғау" қызметкерлері Алматы тауының мұзын күзетіп отыр

Фотография - "Қазселденқорғау" қызметкерлері Алматы тауының мұзын күзетіп отыр

Сурет: trekkingclub.kz

Әсіресе шілде-тамыз айларында, мұз еріп өзен арнасы толады.

592 0

Күн ыстықта "Қазселденқорғау" қызметкерлері Алматы тауларындағы су деңгейін жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды Today.kz "Спутник Қазақстан" сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, мұз белсенді түрде еритін уақытта жыл сайын қауіптің алдын алу үшін шаралар жүргізіледі. 

Әсіресе шілде-тамыз айларында, мұз еріп өзен арнасы толады. 

"Бұл кезеңге дайындалып жатырмыз. Сел жүру қаупі бар Алматы тауларына "Қазселденқорғау" бөлімшесін тікұшақтың көмегімен жібердік. Ол жаққа арнайы техника жолданды", – деді Иманқұлов.  

Бөлімшелер тау мұзын кезекпен күзетіп отыр. Олар 15 күнде бір рет ауысады. 


Тегтер:

Алматы тау мұз

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?