1456

Алматыдағы сабаннан жасалған тиін жаңа "қылық" шығарды

Алматыда тұрғызылған 12 метрлік тиіннің авторы – британиялық архитектор Алекс Ринслер.
Фотография - Алматыдағы сабаннан жасалған тиін жаңа "қылық" шығарды Сурет: vlast.kz

Желіде жұлдызға айналған Алматының Атакентіндегі сабаннан жасалған тиін жаңа "қылық" шығарды, деп хабарлайды Today.kz

Twitter желісінде "Белка с атакента" (Атакенттен шыққан тиін) атты аккаунт пайда болды. Онда балағат сөз де ашық жазылған. 

Микроблогты кім ашса да, әзірге үш сөйлем жазған. Оның бірінде "өздерің сүріліңдер" (себя снесите) деген сөз бар. 

Фото -

Ал Павленский деп тұрғаны өз перфоманстарының бірінде қауіпсіздік қызметінің ғимаратын өртеп жіберген мәскеулік суретші-акционист болуы керек. Жазбаларды саралай отырып, бұл аккаунттың ресми тиінге қатысы жоқтығын байқауға болады. Бұл болжамды "Инсайт Медиа" компаниясының директоры, жоба қатысушыларының бірі Юрий Дорохов растады. 

Естеріңізге салайық, Алматыда тұрғызылған 12 метрлік тиіннің авторы – британиялық архитектор Алекс Ринслер. Ол туындыларын тұрғызып, кейін өртеп жіберуімен танылған. Сабан тиіннің салмағы – 12 тонна. Тиін "Атакенттің" алдында күзге дейін тұрмақ. 

Today.kz дизайнерлерден бұл тиін жайлы пікір алды. Ал әлеуметтік желі қолданушылары әдеттегідей екіге бөлініп, әлі де пікір таластыру үстінде. Біреулер 23 миллион теңге желге ұшты десе (тиінді тұрғызуға осынша ақша кеткен), кейбірі бұндай дүниенің пайда болғанына қуанғандарын айтуда. 

Загрузка...