652

Алаяқтар ауыр дертке шалдыққан балалардың ақысын қалай жейді

Қайрат науқас баланың ата-анасына бірден ескерту жасайтындарын айтты, оларға алаяқтар хабарласуы мүмкін. Ешкімге сенбеу керек.
Фотография - Алаяқтар ауыр дертке шалдыққан балалардың ақысын қалай жейді Сурет: ©Геннадий Бандуров

Қайырымдылық қорлары әлеуметтік желіге ауыр науқасқа шалдыққан адамның суретін жүктеп, халықтан көмек сұрағанда, алаяқтар да өз жұмысына кіріседі екен. "Павлодар еріктілер клубының" волонтері Қайрат Кәленов Today.kz ауру адамның қайғысын пайдаланып қалтасын қампайтатын алаяқтардың әрекеті туралы айтып берді.  

Қайраттың өзі қайырымдылық қорының белсенді волонтерлерінің бірі. Ұйым екі жыл бойы жұмыс істеп келеді, осы аралықта алаяқтықтың түр-түріне де кезіккен. Кең тарағаны – интернет арқылы адамдарды алдап-арбау екен. 

"Біз ауру балаға қаражат жинау үшін карта ревизиттері мен Qiwi-әмиян нөмірін, картаға байланған телефон нөмірін жариялаймыз. Ол нөмір баланың анасының телефоны. Алаяқтар баланың анасына хабарласып, ірі көлемде ақша жіберетіндерін айтады, анасының телефонына келетін хабарламадағы SMS-кодты жіберуді сұрайды, код жіберілген кезде шоттағы ақшаның бәрі нөлге айналады. Алаяқтар бұны қалай жасайтынын білмеймін, бірақ аналар адамдарға сеніп қала береді", – деді ол. 

Қайрат науқас баланың ата-анасына бірден ескерту жасайтындарын айтты, оларға алаяқтар хабарласуы мүмкін. Ешкімге сенбеу керек. 

"Бұрын адамдарды көп тексермейтінбіз, репост жасап, біреудің қайғысын пайдаланатын жандар бар екенін де білмеппіз. Алаяқтар адамның жүйкесіне әсер ете алады, көбіне ата-аналарға сөздері өтеді. Әлеуметтік желіге науқас баланың атынан парақша ашып, репост жасауды сұрайды, егер клуб парақшасы жарияласа, адамдар көмектеседі дейді. Бірақ біз кез келген хабарламаны текке жариялай бермейміз, әрқайсысын тексереміз. Баланың науқас екенін растайтын құжаттарды сұраймыз. Егер ол құжат әзірге қолында жоқ екенін айтса, оның алаяқ екені анық. Олар егер сенбесеңіздер, өз ар-намыстарыңыз білсін деп жүйкемізге әсер еткілері келеді. Бірақ біз барлық құжатты тексереміз, кейде клиникаға хабарласып, науқастың расымен сол жақта бар-жоғын білеміз", – дейді ол. 

Алаяқтар көшені де кезіп жүреді екен. Бір рет өзін Алматыдан келген ұйым мүшесі ретінде таныстырып, балалардың еміне ақша жинаған әйелмен кездесіп қалған. Қайрат Кәленов әйелмен кездесіп, оның әрекетін тексергісі келген. 

"Ол қаладағы ірі сауда орталықтарына барып, бутиктерге кіріп, көлік тұрақтарынан ақша жинаған. Бір рет сол әйелмен кездесіп, расымен заңды ұйымнан екенін білгім келді, сол кезде ол сасқалақтап, екі көзі алақ-жұлақ етіп қалды, ешқандай есеп бермеді, содан оны суретке түсіріп алып, топқа шығардым. Одан кейін де әйел науқас деп балалардың суретін көрсетіп, ақша жинауын қоймады. Бірақ ірі сауда орталықтарында жүрмейтін болды. Кейде адамдар "Еріктілер клубының" логотипін шығарып алып, сауда орталықтарынан ақша жинайды", – деді ол. 

"Павлодар еріктілер клубының" әр волонтерінде ресми бейдж бар, онда сурет пен мөр басылған. 

Қайраттың айтуынша, кейбір адамдар жағдайы нашар отбасынанбыз деп тегін киімді алып кетіп, оны Интернет арқылы сатады екен. 

Науқас баланың ата-анасы да халықтан ақша жинап алып, оны өз пайдасына жарататын жағдайлар кездескен. 

"Бұны алаяқтық деуге бола ма, жоқ па, білмейміз. Расымен баласы ауыратын аналар бар, олар ақша жинап, кейін оған баласын емдетпейді. Біреуі 70 мың теңгеге лабрадор сатып алған, екінші әйел ақшаның бәрін қалтасына басып алып демалысқа кеткен, кеткен кезінде баласын тастаған", – деді Қайрат Кәленов. 

Загрузка...