Kcell оқиғасы – Қазақстандағы ірі ұялы байланыс операторының қожайындары кімдер

Фотография - Kcell оқиғасы – Қазақстандағы ірі ұялы байланыс операторының қожайындары кімдер

Сурет: today.kz

"Қазақтелеком" бір кездері оператордың үлескері болған. Today.kz сауда-саттық тарихы мен оператор акциясының сатылымын зерттеп көрді.

565 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті "Қазақтелеком" АҚ-ның "Kcell" АҚ дауыс беретін акцияларының 75%-ын сатып алу туралы өтінішхатын қарауды аяқтады.  "Қазақтелеком" бір кездері оператордың үлескері болған. Today.kz сауда-саттық тарихы мен оператор акциясының сатылымын зерттеп көрді. 

Компания 1998 жылы құрылған, Kcell брендімен қызмет көрсетеді. 2017 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, оператордың абоненттік базасы – 10 миллион адам. 

2012 жылдың 27 тамызында ЖШС акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды. Компания есімі Kcell АҚ деп өзгертілді. 

2012 жылдың 13 желтоқсанынан бастап KASE Қазақстандық қор биржасында Kcell-дің қарапайым акциясы KCEL коды арқылы сатыла бастады, 17 желтоқсанда Лондондық қор биржасында (LSE) сатылды. 

Қазақстандық қор биржасынынң мәліметінше, Kcell үлескерлері Fintur holdings b.v. жабық түрдегі серіктестігі (Роттердам, Нидерланды патшалығы) – 51 пайыз, Teliasonera Kazakhstan holding b.v. (Роттердам, Нидерланды патшалығы) – 24 пайыз, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі", – 12,43 пайыз,  "Фридом финанс" АҚ – 9,31 пайыз. 2012 жылдың ақпанынан дейін компания қаражаты Fintur holdings b.v. (51 пайыз) бен "Қазақтелеком" АҚ-қа (49 пайыз) тиесілі болған. Бірақ 2 ақпанда "Қазақтелеком" өз үлесін Sonera компаниясына сатты. 

2016 жылдың 4 мамырында Kcell-дің 24 пайыз акциясы Teliasonera Kazakhstan holding b.v. компаниясына сатылды. 

2018 жылдың 11 шілдесінде "Қазақтелеком" антимонополиялық комитеттің мақұлдауымен Kcell-дің голландиялық үлесін сатып алуға құқылы болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?