13029

Геннадий Головкин Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға АҚШ-тан ұшып келді

Гена Головкин Лос-Анджелестен өзінің бауырындай болған адамның жаназасына ұшып келді.
Фотография - Геннадий Головкин Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға АҚШ-тан ұшып келді Сурет: instagram/@gggboxing

Геннадий Головкин АҚШ-тан Денис Теннің жаназасына ұшып келді. Бұл туралы қарағандылық басылым "Новый Вестник" жазды, деп хабарлайды Today.kz

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрғазы Жарылғапов порталға берген сұхбатында Головкин Денис Тенді бауырындай көргенін айтты. 

"Ол мен үшін баламдай еді. Біз оларды сақтауға міндеттіміз. Олар Құдайдың өзі сүйген адамдар. Дмитрий Карпов, Максим Раков, Геннадий Головкин сияқтылар. Гена Головкин Лос-Анджелестен өзінің бауырындай болған адамның жаназасына ұшып келеді. Жатқан жері жәннатта болсын. 25 жас. Менің балам осынша жаста, олар дос болды", – деді ол.

Денис Теннің өлімі 

Естеріңізге салайық, 19 шілдеде Алматыда қазақстандық спортшы Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды, Ол жан сақтау бөлімінде дүние салды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қазасын зор күйзеліспен қабылдады

ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты басталған тергеуді өз бақылауына алды.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің толық көлемде көрсетілгенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау вице-министрі Денис Тен жедел жәрдем жеткенше клиникалық өлімге түсіп кеткенін айтты

ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдіктіні тұтқындады

Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді

Загрузка...