1813

Астанада салынып жатқан коттедж құлап кетіп, үш адам зардап шекті

Тұрғызылып жатқан нысанның қожайыны анықталды.
Фотография - Астанада салынып жатқан коттедж құлап кетіп, үш адам зардап шекті Сурет: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Астана полициясы үйдің қирауына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Іс ҚР ҚК 156 бабы "Еңбекті күзету ережесінің бұзылуы" бойынша қарастырылады, деп хабарлайды Today.kz елорданың ішкі істер Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай Балқантау көшесінің бойында тұрғызылып жатқан ғимаратта болған. 

"Оқиға орнынан қалалық ауруханаға дене жарақаттарын алып, зардап шеккен үш адам (1970 жылы, 1983 жылы, 2000 жылы туғандар) жеткізілді. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. 

Тұрғызылып жатқан нысанның қожайыны анықталды, ол құқығын анықтайтын рұқсат берілген құжатын көрсеткен жоқ. Полиция қожайын мен зардап шегушілер арасында еңбек келісімшартының болмағанын анықтады", – делінген хабарламада. 

Естеріңізге салайық, 1 тамыз 19:00-те Астанада салынып жатқан екі қабатты коттедждің ортасы қирап, адамдар үйінді астында қалып қойған еді. 

Загрузка...