754

Алматыда 4-5 тамызда қандай қызықты шаралар өтеді

07:00-ден 11:00-ге дейін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы паркте музыкалық қайырымдылық жүгіру жарысы болады.
Фотография - Алматыда 4-5 тамызда қандай қызықты шаралар өтеді Сурет: ic24.kz

Алматыда 4-5 тамызда қандай шаралар өтетіні туралы Today.kz редакциясы дайындаған материалдан біле аласыз. 

4 тамыз 

07:00-ден 11:00-ге дейін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы паркте музыкалық қайырымдылық жүгіру жарысы болады. Жиналған қаражат Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығына жіберіледі. Жарысқа кез келген адам қатыса алады, тіпті жүгірумен тұрақты түрде айналыспайтындар да жарыста бақ сынау мүмкіндігіне ие. Қатысушыларға 3 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым және 10 шақырымға скандинав жүріс ұсынылады. Бұл қашықтықтар әлемдік стандартқа сәйкес қатысушылардың жастарына қарай  белгіленген. Іс-шара  сағат 07.00-де басталады, балалар жарысы сағат 07.30-да басталады, 21 шақырымға жүгіру 08.00-ден, 10 шақырымға жүгіру  08.15-те басталады. Жүгіру жолының бойында жастар музыкалық топтары желаяқтарды демеп отырады. Әр қашықтыққа қарай мың-төрт мың теңге аралығында төлейсіз. 

08:00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы парк пен Горький атындағы мәдениет және демалыс паркінде Almaty Street Fitness тегін жаттығуы өтеді. Жаттығуға кез келген адам қатыса алады. 

14:00-де Moskva сауда орталығында Қазақстанда тұңғыш рет K-POP Random Dance Game өтеді. Шараға қатысушыларды флешмоб, би, k-pop кавер-топтарының өнері мен Оңтүстік Кореяға билет ұтысы күтеді. 14:00-де тіркеу бөліміне тіркеліп, нөмір аласыз. Лотерея жеңімпазы Оңтүстік Кореяға билет жеңіп алады. Кіру тегін. 

19:00-де Esentai Square-де Парвиз Назаров ән айтады. Кіру тегін. 

4-5 тамыз

12:00-де Қапшағайда Қазақстанда тұңғыш рет Sunbala Almaty су шоу-фестивалі өтеді. (Алматы – Қапшағай даңғылы, ГЭС ауданы, МАИ бекетінің алды, солға бұрыласыз). Бағдарламада каскадерлер өнер көрсетеді. Одан бөлек, ашық аспан астындағы кинотеатрдың көрермені болуға мүмкіндігіңіз бар. Кіру құны – 2 500 теңге. 

5 тамыз 

09:00-де Төле би көшесінің ауданында (Өтеген батыр көшесінің қиылысы) триатлоннан ҚР чемпионаты халықаралық турнирі өтеді. Алматыда триатлон бойынша Азияның бірінші кубогы үш кезеңнен тұрады: 1500 метр – жүзу, 40 километр – велосипед, 10 километр – жүгіру. 

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы оқи аласыз. 

Загрузка...