968

Алматыда жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы орнынан кетті

Алматы жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов қызметінен босады.
Фотография - Алматыда жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы орнынан кетті Сурет: voxpopuli.kz

Алматы жергілікті полиция  қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов орнынан кетті, деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Байкенов ішкі істер органдарында 2004 жылдан бастап жұмыс істей бастады, еңбек жолын Алмалы полиция бөлімшесі инспекторының көмекшісі болып бастаған. 

2007 жылы түрлі ішкі істер басқармаларында басшылық қызмет атқарды, ішкі істер басқармасында басшының орынбасары, Метрополитен мен Алматы ауданы, Түрксіб ауданының ішкі істер бөлімінде, Алматы ІІД әкімшілік полициясы басқармасында жұмыс істеді. 

2016 жылдан бастап Алматы жергілікті полиция қызметін басқарды. 

Загрузка...