Сыбайлас жемқорлық туралы біліп қалғанда кімге хабарласу керек

Фотография - Сыбайлас жемқорлық туралы біліп қалғанда кімге хабарласу керек

Сурет: visnuk.com.ua

Ұлттық бюро азаматтарды айына бір рет кезекпен қабылдайды.

563 0

Мемлекет тұрғындардың көмегінсіз жемқорлықпен күресе алмайды. Билік қазақстандықтарды жемқорлықпен күресуге белсене кірісуге шақырып отыр. Бірақ көбіміз жемқорлықты көріп тұрғанда қайда хабарласу керектігін білмейміз. Today.kz редакциясы пара алу немесе пара беру оқиғасына куә болған жағдайда не істеу керектігін айтады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның ресми мәліметіне орай азаматтар бюроның өзіне немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша департаментіне хабарласа алады. 

Өтінішіңізді мына мекенжай бойынша қалдырсаңыз болады:

– 010000 пошта мекенжайымен жазбаша түрде, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37. Арыз үлгілері

– egov.kz электронды порталына электронды цифрлы қолтаңба болған жағдайда,

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығына 1424 нөміріне хабарласу арқылы (қоңырау шалу тегін).

Сall-орталықтың жұмыс кестесі: 09:00-18:30 (жұмыс күнінде және мереке күндері түскі үзіліссіз), 09:00-13:00 (сенбі), түнгі ауысым мен демалыс күндері (қоңырау автоматты түрде жазылады).

Ұлттық бюро "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңға сәйкес мынадай жағдайда өтінішті қарастырмайды:

1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш; 

2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.

Ұлттық бюро азаматтарды айына бір рет кезекпен қабылдайды. Егер сіз жемқорлық дерегін хабарлағыңыз келсе, аумақтағы департаменттерге хабарласыңыз: 

– Астана, тел.: 8 (7172) 72 65 01 (ішкі нөмір: 102), 72 65 03 (ішкі нөмір 104);

– Алматы, тел.: 8 (727) 278 75 78 (ішкі нөмір: 102), 278 73 33 (ішкі нөмір: 104), 278 73 17 (ішкі нөмір 108);

– Ақмола облысы, тел.: 8 (7162) 29 65 01 (ішкі нөмір 102);

– Алматы облысы, тел.: 8 (7282) 60 97 41 ішкі нөмір 102), 60 97 72 (ішкі нөмір: 372), 60 97 43 (ішкі нөмір 104);

– Ақтөбе облысы, тел.: 8 (7132) 72 82 41 (ішкі нөмір 102), 72 82 44 (ішкі нөмір: 102), 72 82 42 (ішкі нөмір 104), 72 82 40 (ішкі нөмір: 404);

– Атырау облысы, тел.: 8 (7122) 71 75 01 (ішкі нөмір 102), 71 75 98 ішкі нөмір 104), 71 75 02 (ішкі нөмір 103);

– Шығыс Қазақстан облысы, 8 (7232) тел.: 29 88 02 (ішкі нөмір 102), 29 88 03 (ішкі нөмір 103);

– Жамбыл обласы, тел.: 8 (7262) 93 60 06 (ішкі нөмір 102), 93 60 03 (ішкі нөмір 104);

– Батыс Қазақстан облысы, тел.: 8 (7112) 98 47 04 (ішкі нөмір 102);

– Қарағанды облысы, тел.: 8 (7212) 91 36 08 (ішкі нөмір 108), 91 36 06 ішкі нөмір 106);

– Қызылорда облысы, тел.: 8 (7242) 23 04 86 (ішкі нөмір 102), 23 07 86 (ішкі нөмір: 102), 23 08 86 (ішкі нөмір 102);

– Қостанай облысы, тел.: 8 (7142) 91 42 01 (ішкі нөмір 106);

– Маңғыстау облысы, тел.: 8 (7292) 31 91 02 (ішкі нөмір 104);

– Павлодар облысы, тел.: 8 (7182) 37 85 02 (ішкі нөмір 102), 37 85 03 (ішкі нөмір 103), 37 85 80 (ішкі нөмір 180);

– Солтүстік Қазақстан облысы, тел.: 8 (7152) 46 77 70 (ішкі нөмір 102);

– Түркістан облысы, тел.: 8 (7252) 98 14 02 (ішкі нөмір 102), 98 14 04 (ішкі нөмір 104), 98 14 07 (ішкі нөмір 107).

Пара алушы немесе пара беруші кез келген адам сыбайлас жемқорлықтың бір бөлігіне айналады. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?