Алматыда үш мыңнан аса жаңа жұмыс орны пайда болады

Фотография - Алматыда үш мыңнан аса жаңа жұмыс орны пайда болады

Сурет: smartweek.it

2018 жылы 252 миллион доллар болатын 7 жобаны іске қосу жоспарлануда.

720 0

Алматыда инвестициялық жобаға үш мыңнан аса жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы орталық коммуникациясында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Today.kz.         

"Kazakhinvest Ұлттық компаниясы" АҚ Алматы бойынша аймақ директоры Жандос Оразалиевтің сөзінше, 2018 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі 851 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда 22,7 пайызға көп. Республика деңгейінде негізгі капиталға қосылған қала үлесі 6,6 пайызға тең. Ал шетелдік инвестиция – 129 миллион доллар. Өңдеу кәсіпорнына салынған инвестиция 42 миллион АҚШ долларын құрап отыр. 

Оразалиевтің айтуынша, Kazakhinvest-тің негізгі қызметі шетелдің қатысуымен жүзеге асатын инвестициялық жобалардың қасынан табылу. 

"Қазіргі таңда біз Алматыда жүзеге асып жатқан шетел капиталы бар 11 инвестиция жобасын ілестіріп жүрміз, құны 414,8 миллион доллар шамасында, бұл үш мыңнан аса қосымша жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етеді. Бұл жобалар өңдеу кәсіпорны мен сауда-саттық саласында. 

2018 жылы 252 миллион доллар болатын 7 жобаны іске қосу жоспарлануда

Одан бөлек 73 миллион доллар шамасында тұратын тағы бес жоба бар", – деді ол. 

Оразалиев барлық жобаны ұлттық компания өкілдері алып жүретінін қоса айтты. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?