11-12 тамызда Астанада қандай қызықты шаралар өтеді

Фотография - 11-12 тамызда Астанада қандай қызықты шаралар өтеді

Сурет: ©Dmitriy Chistoprudov

Today.kz редакциясы 11-12 тамызда елордада болатын қызықты шаралармен таныстыруды жөн көрді.

538 0

Астана тұрғындары мен қонақтарын алдағы демалыс күні спорттық және ойын-сауық шаралары күтеді. Today.kz редакциясы 11-12 тамызда елордада болатын қызықты шаралармен таныстыруды жөн көрді. 

11 тамыз 

10:00-ден 18:00-ге дейін ҚР Ұлттық музейінде "ХХ ғасырдағы Третьяков галереясы жинағынан 50 шедевр" атты көрменің ашылу салтанаты болады. Әлемдік өнердің алтын қазынасына айналған ұлы жәдігерлер көрмеге қойылып, ел назарына ұсынылады. Кіру құны – 700 теңге (ересектерге), 500 теңге (студенттерге), 300 теңге (зейнеткерлерге), Третьяков галереясының залын көру – 1000 теңге. 

15:00-де Корея Республикасы елшілігінің корея мәдени орталығы "Досан" (Корея Республикасы) Корея этикет орталығымен бірлесе отырып, корея халқының дәстүрлі тойын көруге шақырады. Шарада корея халқының ұлттық костюмін киіп көре аласыз. Кіру тегін. 

11-12 тамыз

10:00-ден 17:00-ге дейін Республика даңғылы 34 мекенжайы бойынша бал жәрмеңке-көрмесі өтеді. Бұл шараға бару арқылы сіз Башқұртстан, Алтай, Әдігей сияқты басқа да өңірлерден келген табиғи балдардың дәмін татып көре аласыз. Бәрі тегін. Бір килограмм бал сатып алатын болсаңыз, тағы бір килограмм балды сыйлыққа алып қайтасыз!

12 тамыз

12:00-де "Барыс Аренада" хоккейден ҚР Президентінің кубогы өтеді. "Нефтехимик" (Нижнекамск) пен "Амур" (Хабаровск) командалары кездеседі. Ал 17:00-де "Барыс" хоккей командасы мен Қазақстан құрамасы мұз айдынына шығады. Кіру құны – 200 теңге. 

16:00-де Mega Silk Way-де MB DANCE би студиясының ашық сабақтары өтеді. Ол жақтан би үйреніп қайтуыңызға әбден болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?