1733

"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 1190 өтініш мақұлданды

"Баспана" ипотекалық бағдарламасы "7-20-25" бағдарламасының жұмысы туралы есеп берді.
Фотография - "7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 1190 өтініш мақұлданды Сурет: sputniknews.kz

"Баспана" ипотекалық бағдарламасы "7-20-25" бағдарламасының жұмысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Today.kz.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 29 тамыздағы жағдай бойынша қарыз алуға 21,3 миллиард теңге сомасына 1803 өтініш қабылданды. Оның ішінде 14 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 1 190  өтініш мақұлданды.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, "Баспана" ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Естеріңізге салайық, 2018 жылдың 5 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев ипотекалық несие беруге жаңа жүйе енгізуді тапсырды. Ол жүйенің аты – "7-20-25": 7 пайыз сыйақы, баспана құнының 20 пайыз төлемі, 25 жыл – несие төлеу мерзімі.

Загрузка...