2823

Темекіні тастаған адамның ағзасында қандай өзгерістер болады

Темекілік індеттің таралуы жаһандық проблема болып табылады.
Фотография - Темекіні тастаған адамның ағзасында қандай өзгерістер болады Көрнекі сурет

Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгісек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. 
Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста "ойнап" бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр.

Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты.

Егер темекіні тастасаңыз:

• 24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.

• 2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.

• 3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.

• 3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.

• 1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.

• 10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.

• 15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.

Темекілік індеттің таралуы жаһандық проблема болып табылады. Оның адам денсаулығы үшін салдары маңызды және барынша кеңейтілген халықаралық ықпалдастықты, барлық елдердің тиімді, орынды әрі жан-жақты жауапты әрекеттерін талап етеді. Бұл ретте Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жыл бойы қала тұрғындары, студент - жастар мен оқушыларға темекінің, есірткі мен ішімдіктің зияны туралы семинар-тренингтер өткізіп, ақыл – кеңес жазылған парақшара таратады. Сонымен, темекі шегудің зияны туралы жан-жақты, әсерлі әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрақты теріс көзқарас, қабыл алмау сияқты әсерлер туғызуы мүмкін. Қазіргі жасөспірімге ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата-аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып "әдемі өмірдің" сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.

Алматы қалалық салауатты өмір салтын

қалыптастыру орталығы

Загрузка...