2175

Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша алты банк несие береді

"Хит баспана" несиесі 15 жылға арналған, алғашқы жарна 20 пайызды құрайды, базалық мөлшері 10,75 пайызы.
Фотография - Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша алты банк несие береді Сурет: etoday.kz

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беретін банктер саны алтыға жетті. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков хабарлады, деп жазады Today.kz.

"Қазіргі уақытта "7-20-25" бағдарламасын бес банк қолдады. Бағдарламаға Қазақстанның ірі банктерінің бірі "Халық банктің" қосылғанын қуана хабарлаймыз. Бұл бағдарламаны жандандыра түседі деп сенеміз", – деді ол. 

Одан бөлек, екінші деңгейлі тұрғын үй нарығы үшін арнайы өнім жасалды, өйткені "7-20-25" бағдарламасы тек жаңа үйлерді ұсынады. 

"Хит баспана" несиесі 15 жылға арналған, алғашқы жарна 20 пайызды құрайды, базалық мөлшері 10,75 пайызы. 

Естеріңізге салайық, 2018 жылдың 5 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев ипотекалық несие беруге жаңа жүйе енгізуді тапсырды. Ол жүйенің аты – "7-20-25": 7 пайыз сыйақы, баспана құнының 20 пайыз төлемі, 25 жыл – несие төлеу мерзімі.

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша қалай баспана алуға болатынын қадам-қадамымен айтып берді.

Загрузка...