1450

Ұят, достар – Винокуров Алматы көлін қоқыстан тазартты

Александр Винокуров әріптестерімен бірге Үлкен Алматы көлі аумағында сенбілік ұйымдастырды.
Фотография - Ұят, достар – Винокуров Алматы көлін қоқыстан тазартты Сурет: instagram/@alexandrvinokurov

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров әріптестерімен бірге Үлкен Алматы көлі аумағында сенбілік ұйымдастырды. Велосипедші Instagram желісіндегі парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

"Сұлулық, бір ғана "бірақты" айтқым келеді. Ұят, достар. Жақында досымыз Брумотти (велотриал бойынша әлем чемпионы Витторио Брумотти, – ред.) келді, табиғатты көрсеттік, не деген "әдемілік" қараңдаршы, қоқыс. Сіздер үшін қоқыс жинауға тура келеді. Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста. Егер күн сайын солай істесе, бір жылдан кейін елімізді қоқыстан тазартамыз", – деді Винокуров. 

Загрузка...