5881

Алматыға көлікті ақылы түрде кіргізу керек пе, жоқ па

Бұрын бұл мәселе тек Алматыға қатысты еді, қазіргі таңда Астанада да ақылы даңғыл пайда болмақ.
Фотография - Алматыға көлікті ақылы түрде кіргізу керек пе, жоқ па Сурет: alashinform.kz

Қазақстан жүргізушілерін ақылы жол мәселесі мазалап отыр. Бұрын бұл мәселе тек Алматыға қатысты еді, қазіргі таңда Астанада да ақылы даңғыл пайда болмақ. "Астана LRT" компаниясы жоба концепциясы пайда болған уақытта қалалық қоғамдық кеңестің талқысына түсетінін мәлімдеді. Астанаға көлікпен кіру ақылы бола ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз, өйткені Алматыда да бұл сұрақтың басы қылтиғанына біраз жыл болды. Today.kz тілшісі оңтүстік астанаға кіруді ақылы етудің мәні бар ма, жоқ па, соны анықтап көрді. 

Алматыда қалаға кіру ақылы болады деген әңгіме 2013 жылы пайда болды, ол кезде Шығыс айналма жолға, әл-Фараби даңғылы мен Сайын көшесіне кіру 10 теңге болады деп жоспарланған. Бұл әңгіме айтылып-айтылып сол жерде қалып қойды, бірақ Бауыржан Байбек әкім болып келген жылы, яғни 2015-те қайтадан көтерілді. 

Фото -

Сурет: youtube.com/@ Арман Дәулетияров

Қала басшысы қоғамдық көліктің жұмысына жақсы жағдай жасалған уақытта ғана қалаға кіру ақылы болатынын мәлімдеді. 

Одан бері бірнеше көпір салынды, автопарк жаңарды, Темирязов көшесінің бойында автобус сызығы пайда болды, бірақ қалаға көлікті ақылы түрде кіргізу жүйесін енгізудің қажеттілігі көрінбейді. 

"Дорога по понятиям" паблигінің негізін қалаушы, блогер, журналист Жанна Ахметова мегаполиске кіруді ақылы еткенде тұрған ештеңе жоқ деп есептейді. Одан бөлек, тексеріс бекеттері экологиялық жағдайды жақсартады деген пікірде. 

"Қала орталығының ақылы болғанын қолдаймын. Бұл – ірі мегаполистерге тән белгілі тәжірибе. Мысалы, Лондонда бар. Бүкіл қаланы жауып тастауға болмайды, өйткені Алматыда жұмыс істейтін, осында оқитын адамдар көп. Бұл жерде тарифтің мәні жоқ. Ақылы жолдарда тариф дегеніміз километріне бір теңге, бірақ ол жақта көлік көп. 

Велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, тек басқа елдердің тәжірибесіне сүйеніп, оны өзімізде сәтті түрде қолдана білуіміз керек 

Бұл адамдарға арналған, көлік тығынын азайту үшін жасалады. Әлемдік статистика бар, Президентіміз үшін еліміздің халықаралық аренадағы бет-бейнесі үнемі маңызды", – деді Ахметова. 

"Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясы" қоғамдық қозғалысының президенті Арсен Шакуов болса, Алматы бұндай әлемдік тәжірибе үшін әлі дайын емес деп есептейді. 

"Қоғамдық көлігімізде кемшілік жоқ дей алмаймыз, жақсарып келеді. Метро жұмыс істеп тұр, автобустардың жағдай дұрысталып жатыр. Көлікті ақылы түрде кіргізу дегеніміз санитарлық шара, бұл бүкіл әлемде бар тәжірибе. Мәселе басқада, лайықты альтернатива керек, яғни, қоғамдық көліктің жұмысы жақсаруы тиіс. 

Тым болмаса қаланың орталығын жеке көлік үшін жауып тастаса, қолдар едім. Жаяу жүрген адам көп жерде көлік көп болмауы тиіс. Бұл қауіпсіздік пен экология үшін тиімді 

Бұны қатаң түрде қолдану керек, қалаға көлікті ақылы түрде кіргізу осындай қатаң шаралардың бірі, бірақ Алматы дайын емес. Жағдай жасалмаған, бұл шараның қалай қолданылатыны белгісіз. Қала дайын емес, заңды түрде, техникалық түрде дайын емес, лайықты жоба да әзірге жоқ. Алматы көлік нөпірін басқара алмай отыр, оны қысқарту керек. Бұны қалай істеген дұрыс, осы сұраққа әлі де ойлану қажет", – деді Шакуов. 

Астанаға көлікті ақылы түрде таңертеңгі уақытта ғана кіргізу жоспарланып отыр. 

Алматыда бұл сұрақ көтерілген кезде, "тәуліктің қай кезінде кіргізу керек?" деген мәселе болмаған еді. 

Today.kz тілшісі Алматыға көлікті ақылы түрде кіргізуге қатысты оқырманның ойын білгісі келеді. Сауалнамаға қатысып, материалдың соңына өз ойыңызды пікір ретінде қалдырсаңыз болады. 

{{poll.title}}

{{a.title}}

{{a.title}}

Загрузка...