623

"Қазпошта" АҚ қызметкерлері төл мерекесін жаңа аллеяға ағаш отырғызып атап өтті

"Қазпоштаның" мерекелік датасына орай мерейтойлық маркалар да шығарылды.
Фотография - "Қазпошта" АҚ қызметкерлері төл мерекесін жаңа аллеяға ағаш отырғызып атап өтті Сурет: "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстан поштасына 25 жыл толуына орай "Қазпошта" АҚ қызметкерлері бүкіл ел бойынша жаңа аллеяға ағаш отырғызды, деп хабарлайды Today.kz "Қазпоштаның" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Біз күн сайын қызметіміздің сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз және клиенттерімізге арналған жаңа қызметтерді іске қосамыз. Бүгін біз әр қаланың тұрғындарына арнап мамыргүл, қайың, үйеңкі аллеяларын сыйға тарту арқылы елімізді көгалдандыруға өз үлесімізді қосайық деп шештік", – деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов. 

Компанияның үздік қызметкерлері ҚР вице-министрі Асқар Жұмағалиевтің алғыс хатымен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың, ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевтың және "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтың құрмет грамоталарымен марапатталды. 

"Қазпоштаның" мерекелік датасына орай мерейтойлық маркалар да шығарылды

ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев, "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов, пошта саласының ардагері Светлана Цветова мен Астана пошта қызметкері Әлішер Сатыбалдин "Ұмытылмас мерейтой күндері" сериясынан пошта маркалары блогын салтанатты түрде ашты. Блок 4 маркадан тұрады. Барлық 4 маркада Қазақстан поштасының өміріндегі маңызды сәт бейнеленген. 

Фото -

"Ел мен жұртты, халықты жақындату жолында Сіздер өте ауқымды жұмыс атқарып отырсыздар. 

Қазірдің өзінде "Қазпошта" – байтақ еліміздің әр түкпірін бір-бірімен байланыстырып отырған ең ірі оператор

Ең бастысы осы маңызды сала күннен-күнге дамып келеді. "Қазпоштаға" заман талабына сай технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл бағытта шаруалар алдағы уақытта да жалғасатын болады", – деді ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев пошта қызметкерлерін құттықтай отырып. 

Бүгінде компания жылына 80 миллионға жуық клиентке қызмет көрсетеді. Астана, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларында 6 цифрлық кеңсе ашылды, пошта байланысының 200 бөлімшесі жаңартылды, 195 сәлемдемелер супермаркеті ашылды. 

Осы жылдың сегіз айында 2,6 миллионға жуық сәлемдеме жеткізілді

Хат-хабар Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы шалғайда орналасқан 30 елдімекенге дрон арқылы жөнелтілді. 

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында Астана мен Алматы қалаларында е-commerce орталығы ашылды. Ол жерде 1200-ден астам кәсіпкер Amazon, Alibaba, eBay-да тауарларды онлайн сату және экспорттау дағдыларын жетілдірді. Астана мен Алматыда жыл басында 1 миллионға жуық сәлемдеме жеткізілген фулфилмент-орталығы іске қосылды. 6 мыңнан астам интернет қолданушысы онлайн төлем жасау үшін post.kz сайтын қолданды. 

"Самұрық Қазына" цифрландыру офисімен бірлесе отырып қызмет көрсетудің цифрлық арналарын дамыту, бизнестің тиімділігін арттыру, жеткізу мерзімдерін қысқарту және қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу сияқты бизнес мәселелерін шешетін "Өнеркәсіп 4.0" технологиясын қолдану арқылы 6 жоба әзірленді. 

 

Загрузка...