1409

Атырау облысында адасып кеткен аңшы екі күн бойы қамыс арасында күнелткен

Адасып кеткен аңшының өзі жолдастарынан қалып қойғанын айтады.
Фотография - Атырау облысында адасып кеткен аңшы екі күн бойы қамыс арасында күнелткен Көрнекі сурет

Бес аңшы далада адасып кетіп, оның біреуі екі күн бойы ізделді, деп хабарлайды Today.kz "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

"6 қазанда таңертең ер адамдар "гусеница" деп аталатын арнайы техникамен аңға шыққан. Аңшылық кезінде түске таман арықты байқамай суға түсіп кетіп, техниканы батырып алған. Одан кейін аңшылар лагерьге дейін жаяу келген. Бірақ жолда бесеуі бес жаққа кетіп, бір-бірін жоғалтып алды", – деді Батыс аймақтық аэромобильді оперативті-құтқару тобының өкілдері. 

Лагерьге бір аңшы келмеген. Жолдастары дыбыспен, жарықпен белгі берсе де, ол оралмаған. Таңның атқанын күткен төрт аңшы қалаға қайтып келіп, құтқарушылардан көмек сұраған. 

"Құтқарушылар ер адамды табу үшін 100 километр шамасында жол жүрді. Нәтижесінде аңшы дін-аман күйінде табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді, жағдайы тұрақты болды", – деді топ өкілдері. 

Адасып кеткен аңшының өзі жолдастарынан қалып қойғанын айтады. Екі күн бойы қамыстың арасында тіршілік еткен. 

Загрузка...