1860

Түркістан облысында бес баланың анасы үшем туды

Түркістан облысында бес баланың анасы үшем дүниеге әкеліп, перзентханадан аман-есен шықты.
Фотография - Түркістан облысында бес баланың анасы үшем туды Сурет: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан облысында бес баланың анасы үшем дүниеге әкеліп, перзентханадан аман-есен шықты, деп хабарлайды Today.kz Спутник Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Сарыағаш ауданындағы Ұшқын ауылының тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаева екі ұл және бір қыз туды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Енді балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін Бақтыбаеваның сегіз баласы болса, жаңа туған Айберік, Байсерік және Гүлсімнің бес аға-әпкесі бар.  

Келіншек мерзімінен ертерек босанды, әрбір баланың салмағы 2,5 киллограмм тартады. Дәрігерлер балаларды бір апта бақылауда ұстады. Перинаталды орталықтың дәрігерлері нәрестелер мен ананың қазіргі денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Биыл Екатерина, Антонина, Мария және Елизавета Ивановалар үшін алғашқы қоңырау  соғылды. Қыздар бір күнде –2011 жылдың 11 маусымында Солтүстік Қазақстан облысының перинаталды орталығында дүниеге келді. 

Загрузка...