818

Көкшетауда екі бозбала суға батып бара жатқан баланы құтқарып алды

Оқиғаның видеосы желіге тарады.
Фотография - Көкшетауда екі бозбала суға батып бара жатқан баланы құтқарып алды Сурет: видеодан скриншот

Екі жасөспірім Көкшетаудағы өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып алды, деп хабарлайды Today.kz.

Жасөспірімдердің ерлігі Instagram желісіндегі Kokshevideogram парақшасына жарияланды.

Оқиға Көкшетаудың орталығында болды. Жағаға көп адам жиналып қалған. 

Видеоға пікір айтқандар құтқарушыларды таныды. Оның бірі жергілікті колледждің студенті. Роликті 50 мың адам көрген, көбі жаөспірімдердің әрекетіне сүйсінді.  

Загрузка...