667

Алматы метросы енді түн жарымға дейін жұмыс істейтін болды

Бекеттер 6:20-да ашылып, 24:00-де жабылады.
Фотография - Алматы метросы енді түн жарымға дейін жұмыс істейтін болды Сурет: (с) Алмаз Төлеке

12 қарашадан бастап Алматы метросы жаңа жұмыс режиміне өтеді. Пойыздар түн жарымға дейін жүретін болады. Жолаушылардың тілегіне байланысты осындай шешім қабылданып отыр, деп хабарлайды Today.kz "Метрополитеннің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бекеттер 6:20-да ашылып, 24:00-де жабылады. 

"Мегаполис тұрғындары үшін метроны қолдану барынша ыңғайлы болғанын мақсат тұтамыз. Келесі жылдан бастап платформалар мен касса залдарында келесі пойыздың келетін уақыты жазылатын инфодисплейлер орнатылады", – делінген хабарламада. 

Естеріңізге салайық, 24 қазанда Алматы метросына сегіз электропойыз жеткізілетіні туралы келісімшартқа қол қойылған еді. 

Загрузка...