614

Журналистерге кең саяси ақпаратты иеленуге рұқсат берілуі тиіс – ЕҚКҰ

ЕҚКҰ төрағасы Қазақстан Үкіметі әлеуметтік желідегі зорлықтың жолын кесуге ниетті екенін атап өтті.
Фотография - Журналистерге кең саяси ақпаратты иеленуге рұқсат берілуі тиіс – ЕҚКҰ Сурет: newsone.ua

Қазақстанда журналистерге саяси ақпараттарды иеленуге рұқсат берілуі тиіс. Сонда ғана журналистер жеккөрініш пен дезинформациядан ада болады. Бұл туралы "Журналистиканың болашағы" атты XX орталық азиялық медиа-конференцияда ЕҚКҰ-ның БАҚ-тағы бостандық бойынша төрағасы Арлем Дезир айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Біз сыртқы істер министрімен кездесіп, үкімет БАҚ-тың барынша кең ақпаратқа рұқсат алуына қалай қолдау білдіретіні туралы талқылаймыз. Егер үкімет ақпаратқа рұқсат берсе, бұл журналистерге саяси оқиғаларды барынша кең жазуға мүмкіндік береді", – деді Дезир. 

Ол ҚР ҚК 174 бабына (әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздықты қоздыру) және 274 бабына (жалған ақпарат тарату) толықтыру енуі керек деп есептейді. 

"ЕҚКҰ төрағасы бола отырып, Қазақстандағы БАҚ жағдайына мониторинг жасап отырамыз. Бұрын Қылмыстық Кодекстің 174 және 274 баптарына қатысты мәселелерді көтердік. Біз бұл баптарды ЕҚКҰ стандарына сәйкес толықтыру керек деп есептейміз", – деді Арлем Дезир. 

ЕҚКҰ төрағасы Қазақстан Үкіметі әлеуметтік желідегі зорлықтың жолын кесуге ниетті екенін атап өтті. ЕҚКҰ тарапынан қазақстандық БАҚ-қа бұл операцияда сөз бостандығын сақтап қалуға көмек көрсетіледі. 

БАҚ бостандығы көп елді толғандырады. Орта азиялық конференцияға 100-ден астам отандық және шетелдік журналист пен халықаралық сарапшылар жиналды. 

Загрузка...