3030

ШҚО-да алты мың куб метрден асатын қар таудан түсірілді

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін түсіру профилактикалық жұмысы болды.
Фотография - ШҚО-да алты мың куб метрден асатын қар таудан түсірілді Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін түсіру профилактикалық жұмысы болды. Жұмыс Өскемен - Самара автожолы ауа райының нашарлығына байланысты жабылған уақытта жүргізілді (95-тен 102 километрге дейінгі аумақ), деп хабарлайды Today.kz ШҚО ТЖ Департаментіне сілтеме жасап. 

"Жарылу жұмыстары кезінде жол уақытша жабылды. Нәтижесінде 6500 куб метр қар түсірілді. Қар көшкіні жолды толық жауып қалды. 

Трасса арнайы техникалық жол қызметінің көмегімен тазаланды. Бірнеше уақыттан соң жол қозғалысы ашылды 

Профилактикалық жарылыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушылар тобы мен дәрігерлер келді", – делінген хабарламада. 


Таулы жерлерде қар көшкінінің қаупі әлі де сақталып тұр. Құтқарушылар тауға шықпауға кеңес береді. 

"Қазселденқорғау" мамандары күн сайын қарды бақылап отыр. Өңірде қар көшкіні қаупі бар 300 ошақ бар. 

Фото -

Фото -