2603

Омырауын ұлттық әшекеймен жапқан қыз өзін біреулердің аңдығанын айтты

Инстаргам белсендісі Шырын Наршаева видеоүндеу жазып, онда өзіне қоқан-лоққы жасалып жатқанын мәлімдеді.
Фотография - Омырауын ұлттық әшекеймен жапқан қыз өзін біреулердің аңдығанын айтты Сурет: instagram/@forwarddemon

Инстаргам белсендісі Шырын Наршаева видеоүндеу жазып, онда өзіне қоқан-лоққы жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

18 жастағы қазақстандық ару омырауын жалаңаштап, оны тек ұлттық әшекейлермен жауып қойғаннан кейін танылды. 

Қыздың суреті Желіге тарап, қызу талқыға түсті. Қолданушылар әдеттегідей екіге жарылып, біреуі жақтаса, екіншісі даттады. 

Бір ай бойы бойжеткен желіге батыл суреттер жүктеп отырды. 

25 желтоқсанда Шырын жылап отырып, өзіне жасалып жатқан қоқан-лоққының шегінен асқанын айтты. 

"Мені және жақындарымды қорқытады. Қайда тұратынымды жазып хат жібереді. Қазіргі таңда қатты қорқамын, мән бермеуге тырыстым. Бүгін артымнан аңдып, суретке түсіріп алған. Не үшін кешірім сұрауым керек", – деді Шырын.  

Пікір алаңына "Кешірім болады сіздерге" деп жазған.