1175

Павлодар облысында Билер кеңестері құрылды

Билер кеңестерін құру мақсатында соттар мен Ардагерлер кеңестері бірқатар меморандумды жасасты.
Фотография - Павлодар облысында Билер кеңестері құрылды Сурет ашық дереккөзден алынды

Павлодар облысының Ақсу және Екібастұз қалаларында, Ақтоғай және Баянауыл аудандарында Билер кеңестері құрылды, деп хабарлайды Today.kz ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Билер кеңестерін құру мақсатында соттар мен Ардагерлер кеңестері бірқатар меморандумды жасасты.

Билер кеңестерінің құрамына сот жүйесінің, жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өмірлік ұстанымы, мол жұмыс тәжірибесі, қоғам ішінде жоғары беделі бар ардагерлері тартылды.

Меморандумдар Билер кеңестерінің аясында татуластыру рәсімдерін кеңінен тарату және дауларды сотқа дейін реттеудің артықшылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған

Жұртшылықпен кездесу барысында судьялар сот жүйесі жаңарып, татуластыру рәсімдері дамып жатқандығын айтты. Спикерлер Билер кеңестерінің институты дауларды бейбіт жолмен шешу үшін,  қоғамдағы жанжалдықтың деңгейін төмендеду және соттардың жүктемесін азайту үшін қажет екендігін ерекше атап өтті.

Загрузка...