1181

Астана жолдары республикадағы ең қауіпсіз жолға айналды – Бақыт Сұлтанов

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстанның бірқатар облыс орталығына "Сергек" камералары орнатылатындығын айтқан болатын.
Фотография - Астана жолдары республикадағы ең қауіпсіз жолға айналды – Бақыт Сұлтанов Сурет: astana.gov.kz

"Сергек" бейнебақылау жүйесінің арқасында елорда жолдары барынша қауіпсіз болып отыр. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қала активімен өткен жылды қорытындылауға арналған жиында айтты, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобалары аясында елімізде ең бірінші болып жүзеге асырылған "Сергек" бейнебақылау жүйесінің арқасында Астана жолдары республикадағы ең қауіпсіз жолға айналды. Адам өлімі 48 пайызға төмендеді. Жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға, жол апатынан жарақат алу деңгейі 16 пайызға азайды", – деді ол. 

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстанның бірқатар облыс орталығына "Сергек" камералары орнатылатындығын айтқан болатын. 

"Қазіргі уақытта Астанада 400 жол қиылысын және 300 жол учаскесін "Сергек" жүйесімен жабдықтау басталды. Жылдың басынан бастап осы "Сергек" арқылы 260 мың әкімшілік құқық  бұзушылық анықталды. Бюджетке 740 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. Нәтижесінде Астана қаласындағы жол-көлік  оқиғаларының саны 20, қаза  болғандардың саны 50 және жарақат алғандардың саны 23 пайызға азайды. Осындай жобаны Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асыру жоспарланған", - деген еді ол.


Загрузка...