801

Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаңа эскалатор жұмыс істей бастады

Эскалаторлар Ақмола лифт жасау зауыты желісінде жиналды.
Фотография - Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаңа эскалатор жұмыс істей бастады Сурет: elorda.info

Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаңа эскалатор жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Today.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Эскалаторлар Ақмола лифт жасау зауыты желісінде жиналды. Құрал-жабдық Астана қаласының құзырлы мемлекеттік органдарында тиісті есепке қойылды. Сәйкестендіру нөмірлері бекітіліп берілді. Пайдалануға жарамдылығы жөніндегі техникалық байқаудан өткізілді.

Ескірген эскалаторларды жаңасына ауыстыру жөніндегі жұмыстар 2018 жылдың қарашасынан басталған еді. Вокзал қызметкерлері жолаушылар ағынын реттеу, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін барлық қажетті шараны абыроймен атқарып шықты.

Астана-1 жаңа теміржол вокзалы 1990 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда вокзал ғимаратының аумағы 11 мың текше метрді құрайды және тәулігіне 12 000 жолаушыны өткізуге қабілетті вокзал тәулігіне 37 пойызға қызмет көрсетеді.

Сервистік қызмет сапасы деңгейін арттыру, вокзалдардың техникалық жарақтандыруды жақсарту "ҚТЖ" ҰК" АҚ жұмысының басымдықты бағыты болып табылады.

Загрузка...