1362

Шымкент – Алматы пойызында жас ана өмірге сәби әкелді

Жүктіліктің соңғы айындағы жас ана Шымкенттен Алматыға қатынайтын пойыздың 16-вагонында болған.
Фотография - Шымкент – Алматы пойызында жас ана өмірге сәби әкелді Көрнекі сурет

2019 жылдың 14 қаңтарында №174 Шымкент – Алматы-2 бағытындағы пойызда Шымкент тұрғыны Айгүл Жүзбаева өмірге сәби әкелді, деп хабарлайды Today.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жүктіліктің соңғы айындағы жас ана Шымкенттен Алматыға қатынайтын пойыздың 16-вагонында болған. Түлкібас бекетінен шыққан кезде толғағы басталған. Вагонның жолсерігі Дәурен Байменов пен пойыз бригадасының басқа қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, ананы босандырған. Ол өмірге қыз әкелді. 

Сол күні кеште Тараз бекетінде жаңа босанған әйелді сәбиімен бірге жедел жәрдем бригадасы күтіп алып, оны жергілікті перинаталды орталыққа жеткізді. 

Екеуінің де денсаулықтары қалыпты. 

"Пойыз жолсеріктеріне рақмет айтамын. Қыз дүниеге келді, бәрі жақсы. Теміржолдың барлық қызметкеріне алғыс білдіремін", – деді Айгүл Жүзбаева.