1658

Астананы қалың тұман басқанына бірнеше күн болды

Синоптиктер табиғаттың бұл құбылысын Иран аудандарынан Қазақстанға түсіп жатқан ауа массасымен түсіндіреді.
Фотография - Астананы қалың тұман басқанына бірнеше күн болды Сурет: facebook/@Aibek Imankojoev

Астананы қалың тұман басқанына бірнеше күн болды, деп хабарлайды Today.kz Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктер табиғаттың бұл құбылысын Иран аудандарынан Қазақстанға түсіп жатқан ауа массасымен түсіндіреді. Ел бойынша ауа температурасы қалыптан 5-15 градусқа жоғары. 

17 қаңтарда елордада аздаған қар жаууы мүмкін. Күндіз термометр бағаны 8-10 градусқа дейін суытады, ал кешке 10-11 градустық аяз болады.