9529

7-20-25: Бес мыңға жуық өтінім мақұлданды

"7-20-25" бағдарламасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы 5 әлеуметтік бастама туралы ұсынысының аясында бекітілді.
Фотография - 7-20-25: Бес мыңға жуық өтінім мақұлданды Сурет: pavlodar.gov.kz

"7-20-25" бағдарламасы аясында қарыз беруге 4 997 өтініш мақұлданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Today.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша, қарыз алуға 98,2 миллиард теңге сомасына  8 866 өтініш қабылданды. Оның ішінде 57,4 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 4 997 өтініш мақұлданды", - делінген таратылған мәліметте. 

Айта кету керек, "7-20-25" бағдарламасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы 5 әлеуметтік бастама туралы ұсынысының аясында бекітілді. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ұлттық банкі төрағасы аталған бағдарламаның операторы "Баспана" ипотекалық ұйымы  болатынын айтқан еді.